Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев елордада есеп берді. Нақтырақ айтқанда, орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын мәселелердің Жамбыл облысында орындалу барысы туралы баяндады. Астанадан тікелей эфирде қосылған аймақ басшысы әр салаға жеке тоқталып, тындырылған тірліктер мен өңірдегі оң өзгерістер туралы кеңінен тарқатты.