«Күш – білімде, білім – кітапта». Кітапқа жақын болған ел әрқашан өз бақталастарынан алда болған. Ғылым мен технология дамыған заманда бұл өте өзекті. Ал талай білімнен хабар беретін кітаптардың сандығы – кітапхана.

Тараздағы кітапханада жұмыс істейтін Жаңагүл Ахумбекова осы сандықтағы қазынаны сақтап, оны қала тұрғындарына, оқырмандарға ұсынатын маман.