Елдің дамуы үшін еселі еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қарияларға құрмет көрсетіп, қамқорлық таныту – кейінгі ұрпақ үшін азаматтық парыз. Мерекеге орай, облыс әкімінің орынбасарлары Нұржан Календеров пен Қанатбек Мәдібек еңбек ардагері Бибол Хаби мен белгілі жазушы –драматург Елен Әлімжанды құттықтап, саулық сұрасты.