Бүгін 2-сәуір дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Осыған орай Тараздағы аутизмі бар балаларды қолдау орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Онда ерекше балалары бар ата-аналар орталықтың жұмысымен танысып, қызмет алушы бүлдіршіндердің жағдайын көрді.