Таразда дүниежүзілік татар халқының тағамдары күні аталып өтті. Қыстың соңғы күндерінде тойланатын бұл үрдісті жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Тіл үйірер тәтті тағамдарға толы дастархан жайылып, бұл күні сондай-ақ, алуан сайыстар ұйымдастырылады.