Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылып, халық қалаулылары дауысқа салды. Нәтижесінде, Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.