Сөзден іске! Күні кеше облыс әкімдігіне «Ұлы Дала»шағын ауданның бірқатар тұрғындары келіп, өзекті мәселелерін айтқан болатын. Халықпен кездесуінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аталған аумаққа барып, көкейкесті мәселелерді көріп, қарашамен бірге талқылаймыз деген еді.

Уәде орындалды. Өңір басшысы алғашқы аралауды «Ұлы даладан» бастады. Ондағы бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті.