Биыл балалар жылы. Осыған орай мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің “архив және болашақ” жобасы аясында архив құжаттар мекемелері республикалық ашық есік күнін өткізуде. 

Осыған орай Тараз қаласы және меркі ауданында арнайы іс-шара өтті. Жиында, кешегі күн бүгінгі тарих деген ұранмен архив саласының мамандары мектеп оқушыларын мұрағатта сақталған құнды құжаттармен таныс қылды. Аталған іс-шара облысымыздың өзге де аудандарында жалғасын табуда.