Меркі ауданында мемлекет қолдауының арқасында кәсіп ашқан азаматтар қатары артып келеді. Солардың бірі – Жамбыл ауылының тұрғыны Абылай Нұрманбетов. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алып жиһаз өндірісін қолға алған.
Абылай Нұрманбетов«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысады. Нәтижесінде 2,5 пайыздық жеңілдікпен 7 миллион 35 мың теңге көлемінде несие алыпты. Енді оған заманауи аппараттар мен құрал-жабдықтар сатып алып, туған ауылында шағын цех ашып, өз кәсібін бастап отыр. Ол әуелі Алматы қаласында кәсіби мамандармен бірлесе еңбек етіп, тәжірибе жинапты.