Таразда спорттан ерекше турнир өтті. Бұл жолы бильярд үстелдерінде кәсіби спортшылар емес, шығармашылық сала өкілдері басқосты. Турнирге журналистер, музыканттар, жүргізушілер, дизайнерлер мен әртістер Тараз бен Шымкент қалаларынан келді.
Art Cue Cup турнирінің басты мақсаты — өңірдің шығармашылық қауымдастығын бейресми, бірақ бәсекелі ортада біріктіру. Мұнда тек нәтиже ғана емес, өзара қарым-қатынас, жаңа таныстық және кәсіби ортадан тыс қолдау көрсету де маңызды. Жарыс «құрама пирамида» тәртібі бойынша өтті. Ереже бойынша жеңілген ойыншы бірден қатардан шығып қалмайды, жарысты жалғастыруға мүмкіндігі болады. . Бұл қатысушыларға өздерін көрсетуге қосымша мүмкіндік берді.