Таразда Меруерт Өтекешованың 75 жасқа толуына орай «Қазақтың Қыз Жібегі» атты танымдық-музыкалық әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеште «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры арқылы жастарға ұлттық құндылықтар насихатталып, махаббат пен адалдық, ерлік пен парасат ұғымдары дәріптелді.

Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдаған соң, «Қыз Жібек» киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алған. 1969-1973 жылдары қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетінде білім алады. Әдеби кеште Қазақстанның халық әртісінің шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды.