Арулар түрлі салада табысты еңбек етіп ел дамуына үлес қосуда. Солардың бірі – таэквондодан тәжірибелі жаттықтырушы Альбина Есмырзаева. Ол жасөспірімдерді спортқа баулып, олардың халықаралық және Республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуіне үлес қосып келеді.
Таэквондо – тәртіп пен төзімділікті талап ететін спорт түрі. Бұл бағытта бірнеше жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан жаттықтырушы Альбина Есмырзаева. Ол бүгінде көптеген жас спортшылардың бағын ашып жүрген жан. Оның жетекшілігімен жаттыққан оқушылар түрлі жарыстарда жүлделі орындар алып, облыс намысын қорғап жүр.