Таразда алдағы референдумды қолдауға арналған ауқымды концерт өтті. Іс-шараны Жамбыл облыстық «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» коалициясы ұйымдастырды. Бір сахнада эстрада жұлдыздары бас қосып, жерлестерін азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

Конституцияны жаңарту жөніндегі референдум мыңдаған жамбылдықты біріктірген маңызды тақырыпқа айналды. Облыстық коалиция бастамашы болған ауқымды шараға түрлі сала өкілдері қатысты. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер мен белсенді жастар бар.