Жамбыл Жабаев туғанына 180 жыл толуына арналған іс шаралар легі Мойынқұм ауданында да өз жалғасын табуда. Рухани маңызы зор жиында өскелең ұрпақ ақын мұрасын жан жақты тануға мүмкіндік алды.

Мектеп алаңы ұлттық нақышта безендіріліп, көрме бұрыштарында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер, фотосуреттер мен кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. «Жамбыл әлеміне саяхат» бағдарламасы мазмұнды бөлімдермен жалғасты. «Бала Жамбыл» медиа сағатында оқушылар ақынның балалық шағы, өскен ортасы мен ұстаздары жайлы деректі бейнематериалдар ұсынып, оның жастайынан суырыпсалмалық өнерге бейімділігін әсерлі түрде жеткізді.