Таразда классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық кезеңі бастау алды. Бәсеке тек қомақты жүлде үшін емес, ел біріншілігінің финалына жолдама үшін де өтіп жатыр.
Залда тыныштық орнаған, тек шахмат сағатының бірқалыпты тықылы тыныштықты бұзады. Қазақстанның әр аймақтарынан келген 173 мықты шахматшы— Open және Women атты екі санатта— бақ сынауда. Қатысушылар құрамы таң қалдырады: өршіл жасөспірімдерден бастап, халықаралық деңгейдегі танымал шеберлер мен гроссмейстерлерге дейін бар.