Алғыс айту күні Тараз қаласындағы «Желтоқсан 86» орталығында да аталып өтті. Мереке аясында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы да назардан тыс қалмай, арнайы баяндамалар оқылды.
Желтоқсан 86» орталығына жиылғандар өткенді еске алып, әрбір күндеріне алғыстарын айтты. Әрбір ұлт өкілі қазақ халқына деген ыстық ықыласын жеткізді.