Таразда 2 наурыздан бастап күшіне енетін «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заңды іске асыру мәселелері талқыланды. Кездесуге пәтер иелерінің коорпоративі мен меншік иелері бірлестігінің төрағалары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесі полиция, әкімдік және кондоминиум басқару органдарының тығыз өзара әрекетіне негізделуі тиіс екенін айтты. Кездесу барысында қатысушыларға заңдағы негізгі жаңашылдықтар түсіндірілді. Сондай-ақ «проблемалы» пәтерлерді анықтағандағы әрекет алгоритмдері, учаскелік инспекторлармен байланыс, ұрлықтың алдын алу, бейнебақылау мен домофондарды пайдалану және тұрмысы төмен отбасылармен жұмыс істеу мәселелері қаралды. Жиын соңында бірлескен мониторингтік топтар құру, ортақ рейд жоспарын бекіту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша нақты қадамдар белгіленді.