Әр бала – отбасының, әр азамат-мемлекеттің көрінісі. Таразда әкелердің рөлін арттыруға бағытталған жиын өтті. Басқосуға қаладағы әкелер қатысып,отбасындағы ер азаматтың беделін нығайту, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады.

Құрылтайдың басты тақырыбы — жеке үлгі арқылы патриоттық тәрбие беру. Қатысушылар жаһандық цифрлық сын-қатерлер дәуірінде балаға Отанға деген сүйіспеншілікті қалай сіңіру керектігін талқылады. Бұл жай ғана ата-аналар жиналысы емес, жаңа буынның тәрбиесіне жауапкершілік алуға дайын әкелердің ауқымды басқосуы.