Бүгінгі қоғамда әйелдер жұмыс істемейтін сала жоқ екені анық. Олар әрі әйел, әрі ана болып қала отырып, ерлермен иық тірестіре еңбек етіп, биік шыңдарды бағындыруда.Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдығына орай аймақтағы түрлі саладар еңбек етіп, жетістікке жеткен қыз-қыліншектердің басын қосқан форум өтті.Оның негізгі мақсаты әсіресе ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.
Қоғамда әйелдер қауымының рөлі артып келеді. Бұл үрдіс бүгін өткен іскер әйелдерінің форумында ашық айтылды, анық байқалды. Олар өрісті кеңейтіп, билікте келісті, бизнесте жемісті еңбек етіп, әлеуметтік саланың да арбасын сүйреп келеді.Бүгінде облыста әйелдер саны 612 мыңнан асады. Яғни, өңір халқының жартысын нәзік жандылар құрайды. Ал бизнесте 45 пайызға жуық аруларымыз жетекшілік етеді.