Қазіргі таңда балаға ерте жастан мамандық жайында бағдар беру бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ал, мектепке дейінгі ұйым баланың тұлғалық қалыптасуының негізгі баспалдағы. Мұнда тәрбиешілердің еңбегі ерен.
Тәрбиеші еңбегінің күрделілігі – әрбір баланың жүрегіне жол табуында. Олар бала бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті және адамгершілік қадір – қасиетті сезінуге үйретеді. Тараз қаласындағы №7 бөбекжай бақшасының тәрбиеші ұстаздары білім бере отырып, тәрбие беруді, әрбір сабақтарында балаларды таңқалдыруды міндеттері санайды. Әр бала шамшырақ, тек оны жаға білуі қажет.