Өңірдің бірде бір операциялық блогы бұл мекемесіз жұмысын жүргізуі мүмкін емес. Жамбыл облыстық ҚАН орталығы күн сайын адам өміріне араша түсетін компанеттер шығаратын жоғары технологиялық орын. 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық бүгінде техникалық жарақтындырудың жаңа кезеңінде. Өткен жылы базаны жаңартуға 80 мииллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Қан орталығын жаңғырту халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша жүріп жатыр. «Шөптің тамыры» жобасы аясында Жапония елшілігі Таразға медициналық жабдықтардың бес бірлігін жеткізді. Бұл орталықтың жобалық қуаты жылына 15 мың литр қан. Өткен жылы мұнда өңірдің 15 мыңға жуық тұрғыны жүгінген. Бұл басқалар үшін жақсылық жасап, өмірімен бөлісуге дайын жандар. Осылардың арқасында меденициналық мекемелер қан компаненттерінің 18 мыңнан астам дозасын алған.