Тараздық оқытушылар балаларға арналған ойыншықтар арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда. Мысалы, 2018-2023 жылдар аралығында Тараз қаласының №18, №17, №7 бөбекжай-бақшаларында жоба сынақтан өткізілсе, қәзір бірнеше бақшада балалар емін – еркін ойнап жүр.

Ұлттық ойыншықтар арқылы мектепке дейінгі балалардың қазақ тілінде сөйлеу дағдысын дамыту, дүниетанымын қалыптастыру жобаның негізгі көздегені. Гранттық жоба негізінде Қазақстанда тұңғыш рет, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық нақыштағы авторлық ойыншықтар мен танымдық модульдер жасалып сатылымға шығарылады.