Конституция жобасы мемлекеттің стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды құжат. Онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, заң үстемдігін орнықтыру және елдік мүддені басты орынға қою көзделген. Сондай-ақ, Ата заңдағы өзгерістер еңбек адамның құқықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік әріптестікті кеңейтуге жол ашып отыр деген Кәсіподақ қызметкерлері, еліміздегі үлкен саяси науқанға белсенді түрде қатысқалы отыр.
Жаңа Конституция жобасы – Қазақстан дамуының алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын стратегиялық құжат. Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістер мен жаңашылдықтар, ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, азаматтардың мүддесін басты орынға қоюға бағытталған. Сонымен қатар жаңа конституция еңбек құқықтарын қорғау тәртібін жетілдіруге, әділ еңбек ақы мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді.