Достық үйінде « Қоғамдық келісім» ұйымдастыруымен, студенттер арасында облыстық эссе байқауы өтті. Шығармашылық сайысы Аналар кеңесінің вандализмге қарсы «Барыңды бағала» жобасы аясында өтті.

Байқауға өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Олар белгіленген талаптарға сәйкес ұсынылған бес тақырыптың бірін таңдап, 60 минут ішінде қазақ және орыс тілінде эссе жазды.