Бүгін Таразда аналар қауымы мен білім беру ұйымын біріктірген тағылымды жиын өтті. «Ұрпақ болашағы – ананың өнегесі мен мектептің бірлігінде» атты қалалық аналар форумына 180-ге жуық ана мен педагогтер қатысып, бала тәрбиесі мен отбасы құндылықтары төңірегінде кеңінен ой бөлісті.

Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның ұжымы келген әрбір ата-ананы қазақы нақыштағы ұлттық ән-күймен, тәрбиелік тағлымы мол сахналық көріністермен қарсы алды. Осылайша, аналар форумы ерекше форматпен бастау алды.