Техникалық әскерлер генералы Шәкір Жексембаевқа ескерткіш ашылды. Ескерткіш генералдың атындағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонында орналасқан. Оның радиациалық, химиялық және биологиялық қорғаныс құралдарын дамытуға, оларды ұрыстар мен әскери операцияларда қолдануға қосқан үлесі зор.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде әскерилер ата-бабаларымыздың ерлігі мен еңбегін ұмытпай, қадірлеу – бүгінгі әскери қызметшілердің қасиетті борышы екенін атап өтті. Соғыс жылдарында Шәкір Жексембаев оңтүстік-батыс майдандағы химиялық қорғаныс әскерлерін басқарған. Ол қазақтан шыққан алғашқы генерал болып, жауынгерлік операциялардағы табысты атқарған. Сол себепті де бірқатар әскери марапаттарға ие болған.