Ел ертеңі үшін - мектепке дейінгі тәрбиені нығайту уақыт талабы. Осы бағытта Байзақ ауданында тәрбиешілерге арналған семинар өтті. Онда балабақшалардағы тәлім мен тәрбиені дамытудың жолдары таразыланып, мамандар тәжірибе бөлісті.
Тәрбие – тал бесіктен басталатынын білген қазақ халқы ертеден-ақ бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, оған жауапкершілікпен қараған. Байзақта өткен семинар да мұның айқын дәлелі. Басқосу барысында ұлттық ойыншықтар көрмесі ұйымдастырылып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін бұйымдар мен дәстүрлі ойын элементтері көпшілік назарына ұсынылды. Ұймдастырушылардың сөзінше, көрме баланың танымын кеңейтіп, ұлттық болмысқа жақындататын тағылымды алаң.