15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. 27 ақпаннан бастап азаматтар тіркелген мекенжайы бойынша сайлаушылар тізімінен өз деректерін тексере алады. Дауыс беру күні өз учаскесінде болмайтын азаматтар алдын ала есептен шығару куәлігін рәсімдеуі қажет. Ол құжатты 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Оның тәртібі мен дауыс беру ерекшеліктері туралы Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы айтып берді.