Қазақстан аумағының 75 пайызы табиғи апат қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында. Көктемгі су тасқыны, жер сілкінісі мен жазғы қуаңшылықтың бізді айналып өтуі сирек. Дей тұрғанмен еліміздің сақтандыру саласында ілгерілеушілік байқалады. Мәселен, Қазақстан Орталық Азияда табиғи апаттармен күресте көш бастап тұр. Былтыр 18 млннан аса сақтандыру келісімшарты жасалған.

Қазақстан соңғы жылдары табиғаттың тосын мінезін жиі сезіне бастады. Мәселен, 2024 жылы бірқатар өңірде су тасып, жүз мыңнан астам адам зардап шекті. Мыңдаған үй бүлінді. Қираған ғимараттарды қалпына келтіруге бюджеттен миллиардтаған ақша бөлінді.