«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы ағайының шаруасын ширатып, тірлігін тіктеуге сеп болуда. Мысалы, Меркідегі Нұртас Смағұл қазір ата кәсіпті қолға алып, төрт түлікті түлетіп отыр.
Меркі ауданы, Ақермен ауылының тұрғыны Нұртас Смағұл 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несие алған. Осылайша, алынған 7,5 млн теңгеге 10 бас бұқа мен 40 бас қой сатып алып мал бордақылау кәсібін ашқан.