Тараз төрінде бокстан КСРО спорт шебері Кеңес Омаровты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир жалауын түрді. Жамбыл жерінде дәстүрге айналған бұл дүбірлі дода жас былғары қолғап шеберлерінің қайратын сынға салатын маңызды спорт мерекесіне айналып келеді. Аталмыш турнир қанша күнге созылмақ? Қай елдің мықтылары қатысуда?
Халықаралық деңгейдегі бәсекеге Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз мемлекеттерінен келген спортшылар қатысуда. Әр елдің намысын арқалаған үміткерлер шаршы алаңда өз мүмкіндігімен ктептерінің мықтылығын дәлелдеуге ниетті.