«Жаңа Коституция – Халық таңдауы». Таразда дәл осындай тақырыппен алқалы жиын өтті. Әлеуметтік әлеуметпен кездесуге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Кездесуде ел дамуын айқындайтын басты құжат талқыға түсіп, Ата Заңдағы реформалардың мәні мен маңызы сөз болды. Қоғам өкілдері өз ойларын ортаға салып, алдағы маңызды саяси науқанға баршаны белсенді қатысуға шақырды.
Санаулы күндерден соң елімізде аса маңызды саяси науқан болады. Бұған дейін халықтың, сарапшылардың, қоғам өкілдерінің, білікті заңгерлердің сүзгісінен өткен Ата Заңымызға барша жұрт дауыс береді. Басты құжат еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын негізгі бағдар ретінде уақыт талабына сай жүзеге асырылуда.