Тараз қаласында мектеп оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара барысында жастарға есірткінің зияны мен заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.

Мектеп оқушыларымен кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және спорт шебері «Полиция барысы», Азияның екі дүркін чемпионы Бегімхан Әділбеков қатысты. Спортшы жасөспірімдерге өзінің қызмет жолы мен спорттағы жетістіктерін айтып, тәртіп пен табандылықтың адам өміріндегі маңызын атап өтті.