Былтыр Жамбыл облысында 10 нысан сүрілген. Сонымен қатар, заң талаптарын елемеген мердігерлер мен қадағалаушыларға 130 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы брифингте сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев мәлімдеді.
Құрылысты қадағалайтын басқарма тарапынан былтыр 237 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 504 әкімшілік іс қозғалған. Жалпы салынған айыппұл көлемі 130 миллион теңгеден асқан. Жауапкершілікке негізінен тапсырыс берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ жобалаушылар мен қадағалаушылар тартылыпты.