Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада құжат тапсыру рәсіміне Норвегия, Аргентина, Гана, Мали, Гамбия, Бангладеш, Шри-Ланка мен Босния және Герцеговина мемлекеттерінің елшілері қатысты. Мемлекет басшысы дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімелеп, елдің бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.