Конституциялық реформа — қоғам назарында. «Әділ және Прогрессивті Қазақстан үшін Халықтық Конституция» жалпыұлттық коалициясының аймақтық мүшелері ел бойынша еңбек ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда. Кезекті пікірталас алаңы Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында өтті.

Медициналық қауымдастық әрдайым азаматтық қоғамның белсенді топтарының бірі. Кездесудің басты тақырыбы — әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту. Коалиция мүшелері өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді: билік тармақтарының өкілеттіліктерін қайта бөлу және құқық қорғау институттарының рөлін күшейту. Медициналық қызметкерлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты дамуы мен прогрессивті даму кепілдіктері маңызды.