Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Жаһаннан тұрақтылық тайып, турбеленттік ахуал асқынып тұрған тұста, сенім – ең қымбат валюта. Бүгін Ақорда ақ лебізін құшағына салып келген елшілерді қабылдап жатыр. Әлемнің төрт бұрышынан сегіз елдің өкілі селкеусіз сенімін білдірмек. Төрт құрылықты қамтыған сегіз елдің географиялық орналасуы һәм алуандығы - Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық дидарын, бай биографиясын айқындайды. Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамотасын қабылдап, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімеледі.