Тәуліктен астам толассыз жауған қар қарашаны әбірге салғаны рас. Қала көшелері қалың қарға оранып, көлік қозғалысы да қиындай түсуде. Біздің өңірде мұндай құбылыс көп бола бермейтіндіктен, көпшіліктің абдырап қалғаны анық. Жамбыл облысында осындай ауа райында ең қатты қиындық туындайтын аумақтың бірі – Күйік асуы.