Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу және алдын алу шараларын күшейту бағыттары қарастырылды.

Өткен жылы өңірде жасөспірімдер тарапынан 98 қылмыс тіркелсе, балаларға қарсы 139 заңсыз әрекет жасалған. Оның ішінде 34 іс зорлық-зомбылыққа қатысты. Аталған санаттағы қылмыстар Қордай, Байзақ, Талас, Жуалы, Меркі және Шу аудандарында өсіп отыр. Мамандар әрбір дерек – бір баланың тағдыры екенін атап өтіп, бұл мәселеге бейжай қарауға болмайтынын жеткізді.