Елімізде балаларға арналған SIM-карталар енгізіледі. Балалардың әлеуметтік желілерге және ересектерге арналған контентке қолжетімін шектеу жолдары қарастырылуда. Яғни, агрессия, суицидке бастайтын контент, зорлық-зомбылық, құмар ойындар сынды балаларға арналмаған дүниелер болмақ.

Оқу-ағарту министрлігі қазір белгілі бір шектеулерді қарастырып жатыр. Жұмыс тобы құрылған. Балаларды заңға қайшы контенттен қорғау үшін нақты тәсілдер бар, мұндай тәжірибені көптеген елдер заңдастырып үлгерген. Сондай ақ бұл мәселе талқыланатын болады. Ведомство басшысы шектеу шарасы үш тәсіл негізінде іске асатынын да айтты.