Таразда Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Өлең - жырдың дүлділі» атты тағылымды әдеби кеш өтті. Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы насихатталып, жырлары оқылды.
Кешке арнайы шақырылған қонақтар ақын-жазушылар, журналистер, ұстаздар мен оқушылар қатысып, орамды ойды ортаға салды. Іс-шарада оқушылар мен ұстаздар Жамбылдың жалынды жырларын тебірене оқыды. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй де кештің ажарын аша түсті. Көрермендер Жамбыл жырларынан рухани қуат алып, елдік пен ерлікті, бірлік пен адамгершілікті дәріптеген асыл сөздің құдіретін сезінді. Аға буын өкілдері ақын мұрасы – ұлт қазынасы екенін атап өтіп, жас ұрпақты сөз өнерін қастерлеуге шақырды.