Президент тапсырмасымен елімізде 2024 жылдан бастап Ұлттық қор табысының жартысы 18 жасқа дейінгі балаларға беріліп келеді. Игі іс биыл да жалғасын таппақ. Ақпан айынан бастап барлық баланың шотына тағы да ақша түсті.

3 жылдан бері еліміздегі әрбір отбасы ұлттық байлықтың игілігін көріп келеді. Биыл орта есеппен әрбір баланың шотына 130 доллар шамасында қаржы түсуде. Бұл ақша бала 18 жасқа толғанға дейін инвестицияланып, табыс әкеліп отыруы тиіс.Аталмыш қаражат қолма-қол берілмейді. Тек бала кәмелеттік жасқа толғанда ғана оқу ақысын төлеуге немесе үй алуға жұмсалады. Қазірдің өзінде біраз жамбылдық ата-ана балаларының шотындағы қаражатты оқу ақысын төлеу мақсатында алып отыр.