Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесі Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдады. Күні кеше кеңес мүшелері бас қосып, қоғамдық талқылауға ұсынылған жаңа заң жобасындағы түзетулерді жан-жақты талқылады. Сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік-құқықтық модельді қалыптастыру үдерісіндегі азаматтық қоғам институттарының рөліне ерекше назар аударылды.

Қоғамдық кеңеске қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, жүргізіліп жатқан реформаны елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағалады. Кеңес мүшелері жаңа мәтінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қағидатына басымдық берілгенін атап өтті. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген әділетті қоғам құру және жауапты отаншылдық идеяларының маңыздылығына тоқталды.