Тәуліктен астам толассыз жауған қардың қалыңдығы қазірдің өзінде 50 сантиметрге жуықтады. Қазгидрометтің болжауынша қар әлі де тоқтамайды. Бұл жайт халықты біраз әбігерге салып жатыр. Қала көшелері қалың қарға оранып, көлік қозғалысы да қиындай түсуде. Біздің өңірде мұндай құбылыс көп бола бермейтіндіктен, көпшіліктің абдырап қалғаны да рас. Жамбыл облысында осындай ауа райында ең қатты қиындық туындайтын аумақтың бірі – күйік асуы.