Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараздағы мектептер қашықтан оқуға көшті. Толассыз жауған қардың салдарынан бірінші және екінші ауысым оқушылары үйде оқиды.Тараз қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, сабақтар бекітілген кесте бойынша онлайн режимде өтіп, мұғалімдер кері байланысты қамтамасыз етуде.