Жамбыл облысында үш адвокаттың лицензиялары қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ бір адвокат заң аясында көмек көрсету кезінде құқықтық нормаларды өрескел бұзды деп танылып, сот арқылы лицензиясынан айырылған. Бұл туралы Әділет департаментінің басшысы Мейіржан Исабеков мәлімдеді.