Ұлттық құрылтай халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын негізгі алаңға айналып келеді. Бұл жұртшылықтың сенім үдесінен шығып отыр, дейді филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Диқан Қамзабекұлы. Өткен 4-ші Құрылтайдың отырысында көтерілген мәселелер мен айтылған пікірлер кейін заң жобаларына, мемлекеттік бағдарламаға еніп жатыр. Сонымен бірге, Президенттің атқарушы билікке берген тапсырмаларының орындалуы – негізгі миссиясының жүзеге асып жатқанының көрінісі, дейді. Айта өтейік, Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысы 19-20 қаңтар күндері Қызылорда қаласында өтеді.