Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. Президент өкімімен құрылған кеңестің алғашқы жиыны Қазан айында мемлекет басшысының қатысуымен өткен. Мамандар жарты жылдан бері ауқымды құрылымдық өзгерісті жан жақты талқылап жатыр. e-Otinish және eGov платформалары арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған.