Шу ауданына қарасты Қонаев ауылында Кемер–Бірлікүстем аудандық автожол бойында салынған жаңа көпір ел игілігіне берілді. Нысан ауыл тұрғындарының қатынауын жеңілдетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек. Көпір құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды кешенді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылған.