Енді қазақстандықтар анықтама алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «EGov AI» деп аталатын ақылды чат-боттың көмегіне жүгіне алады. eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильдік қосымшасы мен e-Otinish сияқты негізгі электрондық сервистерге жасанды интеллект енгізілді. Пайдаланушылар сұрағын ботқа түсінікті етіп жазса, қажетті анықтама немесе қызметті қалай алуға болатын түсіндіріп, сілтемесін де жібереді. Бұл қызмет көрсету жылдамдығын арттырып қана қоймай, сапаны жақсартуға, өтінім беру процесін жеңіл әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Қағазбастылықтан да арылтады. Жалпы, жасанды интелекттің арқасында интернеті бар ауыл тұрғындары негізгі қызметтері аудан орталығына бармай-ақ, онлайн форматта ала алады. Министрлік өкілінің айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерге бірден қолжеткізуге мүмкіндік беретін платформа іске қосылады.